KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

Қылмыстық процестің үш буынды моделі дегеніміз не?

21.09.2021, 17:24 462

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда өкілеттіктерін бөле отырып, қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді.

Бұл модельде қылмыстық процеске үш буын жауап береді: тергеу органы, прокуратура және сот.

Бұл құрылымдар арасындағы өкілеттіктер нақты айқындалған.

Сотқа дейінгі тергеу органдары: қылмыстық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, қатысы бар адамдарды анықтау, дәлелдемелерді жинау және бекіту.

Прокуратура: жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беру, негізгі іс жүргізу шешімдерін қабылдау, айып тағу және сотта қолдау.

Сот: жаза тағайындау

Мұндай шектеу құқық қорғау кедергілерін тудырып, тергеу органдарының негізсіз заңсыз шешімдерінен қорғайды.

 

Бірінші кезеңде, қылмыстық қудалау орбитасына тартылған тұлғалардың конституциялық құқықтарын қозғайтын қылмыстық қудалау органдарымен қабылданатын негізгі процестік шешімдерді прокурормен келісу енгізілді (тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы; күдікті деп тану туралы; іс-әрекетті саралау туралы, қылмыстық құқық бұзушылықты саралау туралы шешімдер келісілуге жатады. Тоқтату туралы, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама, бұйрықтық іс-жүргізуді қолдану туралы шешімдер бекітіледі).

 

Прокурордың келісімінсіз қылмыстық қудалау органдарының барлық негізгі шешімдерінің заңды күші мен құқықтық салдары болмайды.

 

Осылайша, прокурормен шешімдер бекітілгенге дейін азаматтарды қылмыстық процеске тартуға жол берілмейді.

 

Осылайша, Мемлекет басшысының азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне тартудың заңсыз фактілерінің жолын кесу жөніндегі тапсырмасы қамтамасыз етіледі.

 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға, жоғары тұрған прокуратураның, сондай-ақ сот ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен шешімдердің күшін жоюға жол берілген жоқ.

 

Жиналған дәлелдемелер мен күдікті адамдардың іс-әрекеттерін саралау туралы қаулылар мұқият тексеріледі, осыған байланысты сотқа жіберілген қылмыстық істер бойынша сот сотталушылардың іс-әрекеттері онша ауыр емес құрамдарға қайта сараланбаған.

 

 

Негізгі шешімдер онлайн режимінде қалыптастырылатындығын ескере отырып, біз істерді электрондық форматтта тергеуді едәуір арттыра алдық, бүгінде Аягөз гарнизоны бойынша істердің 80% электронды түрде басталған.

 

Негізгі шешімдерді келісудің тағы бір артықшылығы - артық бюрократиялық кідірістерді жою.

 

Тергеушілердің уақытын үнемдеу. Іспен бірге прокурорға барудың, кабинеттерді аралаудың, прокурордың шешімді қашан қабылдайтынын күтудің қажеті жоқ.

 

Заңнамалық нормалармен негізгі шешімдерді прокурормен келісу мерзімдері нақты белгіленген.

 

Мысалы, егер бұрын прокурор істі тоқтатудың заңдылығын бір ай мерзімде тексерсе, бүгінде бұл 10 күн. Мерзімді үзу 30 күннің орнына, енді    3 күнде тексеріледі.

 

Мұндай электрондық келісу тергеу органдарының басшылығына және қадағалаушы прокурорға істерді тергеу барысын онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

 

Заңдылықты қадағалайтын прокурор бұл процеске шешім қабылданғаннан кейін емес, басынан бастап оны тергеуге қатысады, азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тартудың жолын кеседі.

 

Электрондық келісу манипуляцияларды азайтады, өйткені қабылданған негізгі шешімдерді түзету мүмкін емес, бұл да бұрмалану мүмкіндігін жоққа шығарады.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген қылмыстық процестің үш буынды моделі сөзсіз заңның үстемдігін, әділдігін және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Келесі кезеңде тергеу барысында негізгі шешімдерді сотқа дейінгі тергеу органдарының тергеушілері емес, прокурорлар қабылдайтынын атап өткен жөн.

 

Прокурор тергеудің әр кезеңінде нәтижелерді тәуелсіз бағалау бойынша, яғни жинақталған дәлелдемелерді бағалай отырып, адамды күдікті деп тану туралы шешім қабылдайды, ал тергеу нәтижелері бойынша айыптау актісін жасайды және сотта айыптауды қолдайды.

Келісу рәсімі алынып тасталады.

 

Бас Прокурор мен Ішкі істер министрінің адам өлтіру туралы істер бойынша прокурордың шешімдер қабылдау тетігін пилоттық сынақтан өткізу жөніндегі бірлескен бұйрығын орындау үшін 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін адам өлтіру туралы істер бойынша прокурордың шешімдер қабылдау тетігін сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жоба іске асырылатын болады.

Осылайша, қадағалаудан іс жүргізу шешімдерін қабылдауға кезең-кезеңмен көшу азаматтардың, күдіктінің де, жәбірленушінің де конституциялық құқықтарын қорғауға, қылмыстық процестің шеңберіне негізсіз тарту фактілерін болдырмауға және тұтастай алғанда тергеудің объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

Аягөз гарнизонының

әскери прокуратурасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу