KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

Су тасқыны болған аймақтарда кешіктірілген кредитке өсімпұл жүре ме?

Фото: kapital.kz/Валерий Змейков

21.07.2024, 14:10 108 Назерке Каримова

Су тасқыны болған аймақтардағы адамдардың кешіктірілген кредитіне өсімпұл жүре ме? Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі осы сауал мазалаған тұрғындарға жауап берді, деп хабарлайды Кazinform агенттігі.

"Бүгінгі күні су тасқынынан зардап шеккен және республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді алған қарыз алушылар несие беруші тарапынан қолдау шараларына сенім арта алады.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес төтенше жағдай қолданылатын кезеңде қарыз алушының бюджеттік кредит бойынша берешегі (мерзімі өткен берешегі) пайда болған кезде кредитордың өсімпұл есептеуі мерзімі өткен берешек пайда болған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде жүзеге асырылмайды.

Кредиттік шарттың ережелерінде төтенше сипаттағы оқиғалар (мысалы, жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.) нәтижесінде бюджеттік кредиттерді өтеу мен сыйақы төлеуді кейінге қалдыру жөніндегі норма көзделген.

Бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаудың осындай тәуекелі туындаған жағдайда қарыз алушылар негіздемесін (ТЖ режиміндегі өңір әкімінің қаулысы және т.б.) қоса бере отырып, жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланған күннен бастап өсімпұл есептеуді тоқтата тұру туралы өтініш бере алады" делінген хабарламада.

Мұндай қадамдар қарыз алушыларға табиғи апаттардан туындайтын қаржылық қиындықтарды еңсеруге және су тасқынынан келтірілген залалды қалпына келтіруге көмектеседі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив