2G желісі өшіріле ме?
Фото: depositphotos.com
2G желілерінің қауіпсіздігі төмен болғандықтан Google сарапшылары халықты алаяқтардан қорғау мақсатында және жалған мәліметтердің таралмауы үшін 2G желісін өшіруге шақыруда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Хакерлер мобильді құрылғы қосымшаларына кедергі жасау үшін түрлі айла-тәсілдер қолдануда.
Сол себептен Android 12 модем деңгейінде 2G өшіру мүмкіндігін ұсынды. Бұл опция пайдаланушыларды жалған SMS алу қаупінен толығымен қорғайды. Сонымен қатар 2G өшірілген кезде де жедел қоңырау шалу функциясы жұмысы жалғасады.
Бұл мүмкіндік Android 12 нұсқасынан бастап қолжетімді.
Байланыс операторларының ақпараты бойынша бұрыңғыдай 2G желісі қолданыста болады.