KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
480.61 534.53 5.28

Интернет-алаяқтық: Тұзаққа түспеудің жолдары қандай?

Фото: depositphotos.com

12.08.2024, 15:37 70 Айжанат Бақытқызы

Соңғы уақытта WhatsApp, Telegram және басқа да мессенджерлерді пайдалана отырып, азаматтарды алдау жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көбінесе алаяқтар азаматтардың аккаунтына сілтеме түрінде зиянды бағдарлама жібереді. Әдетте, сілтемеде балаларға дауыс беру, жүлделер ұтыс ойыны немесе сауалнаманың әртүрлі тақырыптарына сұрақ-жауап түрінде және тағы да басқа ақпарат болуы мүмкін.

Сілтемені басқаннан кейін алаяқтар азаматтардың аккаунттарына, телефонға және дербес компьютерге параллель қол жеткізе алады.

Әрі қарай, олардың аккаунтынан немесе фотосуретті мессенджерлерге енгізе отырып, ақша сұрайтын мәтіндік хабарлама жіберіледі және бұл жағдайда мұндай хаттарды алушылар өтініш нақты адамнан деп қателеседі. Ақша алу үшін алаяқтар үшінші тұлғаның шоттарын пайдаланады.

Осы схеманың жалғасында алаяқтар азаматтарға (әдетте жоғары лауазымдағы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне) басшыларынан хаттар жібереді.

Алаяқтық схемалары:

-бұл қоңырау мен хабарлама болуы мүмкін, онда «Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің» нұсқауларын орындау ұсынылады. ҰҚК-нің ойдан шығарылған қызметкерлері банктік шоттағы қандай да бір күдікті операция туралы хабарлайды және арнайы операцияны жүргізуге жәрдемдесуді талап етеді. Осыдан кейін байланыс прокуратура, банк және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ауысады. Әдетте, мұндай операция несие рәсімдеу, депозиттен немесе ағымдағы шоттан ақша аудару және ақшаны арнайы шотқа аудару, сондай-ақ курьер арқылы қолма-қол ақша беру қажеттілігінен тұрады.

-туындаған проблема туралы хабарланады және ҰҚК таныс қызметкерінің байланыстары жіберіледі, ол оларды сыйақы үшін шеше алады.

Сенімділік үшін ведомствоның ресми бланкісіндегі түбіртектер/құжаттар (қызметтік куәліктердің, басып шығарылған тапсырмалардың және ҰҚК бұйрықтарының мөрлері мен қолдары бар фотосуреті) жіберілуі мүмкін.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды мұқият болуға және туыстарынан, достарынан және таныстарынан күмәнді сілтеме түскен болса, оларға өтпеу керектігін ескертеді.

«Мұндай хаттар мен қоңырауларды алған кезде оларды ашпауға және жіберушімен дереу байланысуға кеңес береміз.

Егер сіз сілтемені ашқан болсаңыз, тіркелгіге байланған бөгде құрылғылардың бар-жоғын тексеру қажет. Ол үшін WhatsApp және Telegram қосымшасында «Параметрлер», одан әрі – «байланысты құрылғылар» (Telegram – да «құрылғылар»), онда параллель қосылыстар көрсетіледі. Егер онда бөгде құрылғы болса, сессиядан шығу керек. Жеке деректер мен байланыстарды қорғау үшін мұндай процедураны мүмкіндігінше жиі жүргізу ұсынылады»,-деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив