KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Алаяқтықтың жаңа түрі қазақстандықтарға қауіп төндіріп тұр

Сурет: pixabay

14.01.2024, 13:15 93

Астана полициясының баспасөз қызметі қазіргі уақытта қазақстандықтардың WhatsApp-ына заңсыз кіріп, олардың атынан контактідегі барлық адамға қарызға ақша сұрау фактілері жиілеп кеткенін айтты.

Алайда бұл кезде бейтаныс тұлғалардың банк шоттары көрсетіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқтар сілтемені пайдаланып, көрсетілген сілтеме арқылы өткеннен кейін олардың WhatsApp жеке жазбасына қол жеткізетіні анықталды.


"Осыған байланысты біз азаматтарды, мысалы, жүлделер ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама түрінде таратылатын күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуді, сондай-ақ ешбір жағдайда өздерінің жеке деректерін енгізбеуді ескертеміз”.


Егер сіз күдікті сілтеме арқылы кездейсоқ өтіп кетсеңіз, WhatsApp-тағы "Баптаулар" дейтін бөлімге өтіп, "Құрылғыны байланыстыру" батырмасына өту арқылы бір тексеріп алыңыз.
"Егер осы жерде бейтаныс құрылғы көрсетілсе, дереу осы сессиядан шығыңыз. Ең дұрысы, есептік жазбаңызды қорғауды күшейту үшін екі сатылы растау батырмасын қосыңыз. Сондай-ақ, егер сіз осындай түрдегі таныстарыңыздан ақша қаражатын қарызға алуды сұрайтын хабарлама алсаңыз, оны жібермес бұрын досыңызға қоңырау шалып, ақша сұрағанына көз жеткізуіңіз керек", - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив