Алаяқтар тағы бір айлаға көшті...
фото: ranking.kz
Полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Кибер полиция деректеріне сүйенсек,иалаяқтар жәбірленушілер атынан Whatsapp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, барлық контактіге жазып, әртүрлі сылтаумен ақша жіберуді сұрап, үшінші бір адамдардың жалған шоттарын көрсетеді.
"Күдіктілер зиян сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтына қолжеткізе алатыны белгілі болды. Осыған байланысты, Алматы полициясы азаматтарды, әдетте, ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және т.б. түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауды және олардың сайтына кірмеуді, сондай-ақ жеке деректерді енгізбеуді ескертеді және шақырады", – деп мәлімдеді Polisia.kz.