Әкімнің көмекшісімін: алаяқтар тағы бір айлаға көшті
Фото: news.myseldon.com
ШҚО-да әлеуметтік желілерде алаяқтар жаңа айлаға көшіпті.
Жеңіл жолмен ақша табуды ойлағандар өзін өңір басшысының көмекшісі және басқа да лауазымды тұлға ретінде таныстырады екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі
Олар кәсіпкерлер мен бизнес субъектілеріне мессенджер арқылы хабарласып, қайтарылатынын айтып, қаржылай көмек сұрайтын көрінеді.
Облыстық әкімдікте лауазымды тұлғалар тарапынан мұндай іс-әрекеттердің болуы мүмкін емес екенін айтып отыр. Әлдекімдерден мұндай хабарлама келген жағдайда өте сақ болу қажет және дереу полицияға жүгінген абзал.
Оқи отырыңыз