Жоғарғы Сот: Жалған ақпарат таралып жатыр
Фото: depositphotos.com
Соңғы уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға рұқсат берді деген шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Жоғарғы Соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемелерінде орамал тағудың заңдылығын қарастырған жоқ. Шешім тек мектептің оқушыны сабаққа қатыстырмауы заңсыз деп танылғанына қатысты болды, себебі білім алу құқығы – Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі, – делінген Жоғарғы Сот мәлімдемесінде.
Мектеп формасына қатысты талаптарды бекіту құқығы тиісті министрлікте бар. Министрдің бұйрығы заңсыз деп танылған жоқ және күшін жойған жоқ.
Ата-аналар мектептің ішкі тәртіп ережелерін, оның ішінде мектеп формасына қатысты талаптарды орындауға міндетті. Бұл талаптарды орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Оқи отырыңыз