KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Шемонаиха ауданында 9 азамат әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылған

Фото: dknews.kz

3.05.2024, 17:19 119 Ержан Әбіш

Шемонаиха ауданының прокуратурасы құқық бұзушылық туралы хабарлаған азаматтарды негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, Шемонаиха қаласының тұрғыны М. Кузьмина қоғамдық орында ішімдік ішкен ер адамды көріп, полиция шақырған. Оқиға орнына келген полицейлер құқық бұзушыны ӘҚБтК-нің 440-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Арызданушының көмегіне қарамастан, полиция оны ӘҚБтК-нің 438-бабы, 1-бөлігі бойынша жалған қоңырау шалып, шақырған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартып, 103 500 теңге айыппұл салған.

Шемонаиха ауданы прокуратурасының қаулысымен полицияның заңсыз қаулысы жойылып, М. Кузьминның құқығы қалпына келтірілді.

Жалпы, аудан прокуратурасы жыл басынан бері азаматтарды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері бойынша 9 азаматқа қатысты 1,1 миллион теңгеге полиция қаулыларының күшін жойды.

Бұзушылықтарға жол берген кінәлі полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив