Елімізде жаңа әуе бағыттары ашылды
Фото: depositphotos.com
Осы жылы Қазақстанда бірнеше жаңа әуе бағыттары іске қосылды. Алматыдан Мумбай, Пекин, Куала-Лумпур, Иркутск және Эль-Алайменге тікелей рейстер ашылды, сондай-ақ Ақтөбеден Шарм-эль-Шейхке жаңа бағыт қосылды.
Астана қаласынан Душанбе, Прага және Сеулге тұрақты рейстер қайта жаңғыртылды, ал Ақтаудан Минеральные водыға тікелей қатынас қалпына келтірілді. Алматы-Үрімші бағытындағы рейстер саны да артты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда Қазақстанның 32 мемлекетпен тікелей әуе қатынасы бар, олар: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Бахрейн, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Греция, Египет, Үндістан, Иран, Италия, Катар, Қытай, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Ресей, Нидерланды, БАӘ, Польша, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Чехия, Черногория.
Қазақстаннан халықаралық 132-ден астам әуе бағыттары бар, аптасына 778 рейс қазақстандық және шетелдік әуе компанияларымен орындалады.