Отандық әуе компаниялары жыл басынан бері 5 миллион жолаушы тасымалдады
Фото: depositphotos.com
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17%-ға артық, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуе компаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі авиамаршрут субсидияланады.
Халықаралық әуе қатынасы туралы айтсақ, рейстер аптасына 619 жиілігімен 107 бағыт бойынша 29 елге орындалады. Оның ішінде Британия, Германия, Грузия, Египет, БАӘ, Катар, Қытай, Малайзия, Вьетнам, Таиланд және басқа елдер бар.
Оқи отырыңыз