KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жыл соңына дейін қандай бағыттар бойынша жаңа әуе рейстері ашылады?

Фото: Shutterstock

21.11.2023, 21:15 318

Биыл елімізде жыл соңына дейін бірнеше бағыт юойынша жаңа әуе рейстері ашылмақ. Бұл туралы Көлік саласына жауапты министр Марат Қарабаев мәлім етті.

 

ҚР Көлік министрлігінің медиа-орталығында көлік саласын одан әрі дамытуға қатысты және ведомство жұмысының өзекті мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өткен болатын. Министрлік басшысы отандық азаматтық авиация, теміржол, автомобиль және теңіз көлігі салаларының, сондай-ақ автомобиль және теміржол құрылысы бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері, ағымдағы жай-күйі мен перспективалық даму жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Әуе тасымалдарын одан әрі дамыту үшін көлік министрлігі өңірлік әуежайларда жүк авиахабтарын дамытуды жоспарлап отыр екен. Логистикалық қызметтердің толық спектрін көрсететін мультимодальды орталықтар ретінде Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент әуежайларын дамыту жұмыстары басталды.

 

2022 жылдың қорытындысы бойынша отандық әуе компанияларымен 11 млн жолаушы тасымалданды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 17%-ға артық. Өсу серпіні биыл да сақталып отыр: 9 айда 9,9 млн жолаушы тасымалданған, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 25%-ға артық. Қаңтар-шілде айларында ҚР әуежайларымен 70,7 мың тонна жүк өңделген, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 25%-ға артық.

 

Авиация саласын одан әрі дамыту жоспары ұшу географиясын кеңейту жұмыстарын да көздейді. Бүгінгі таңда аптасына 605 рейс жиілігімен 116 бағыт бойынша 32 елге халықаралық рейстер орындалады. Биыл аптасына 50 рейс жиілігімен 12 елге 22 бағыт бойынша рейстер ашылып, қайта іске қосылды. Жылдың соңына дейін Алматы – Карачи (SCAT), Алматы – Куала-Лумпур (Air Asia X) бағыттары бойынша жаңа рейстер ашу жоспарлануда. 2024-2025 жылдары Бұхара, Мумбай, Прага, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа да қалаларға рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу