KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Жыл басынан бері экономика өсімі 4 пайызға жетті

depositphotos.com

15.10.2024, 12:30 73 Ержан Әбіш

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жыл басынан бері ел экономикасының өсімі шикізаттық емес сектордың есебінен болғанын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Қаңтар-қыркүйектің қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4%-ті құрады. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде үшінші ай қатарынан өсудің жеделдеуі байқалуда. Нақты сектордағы өсу 5% болды. Көрсетілетін қызметтер саласындағы өндіріс 3,8%-ке артты. Биыл экономиканың өсуі толығымен шикізаттық емес сектордың дамуы есебінен қамтамасыз етілуде», - деді ол.

Министрдің сөзінше, ең жоғары өсім ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында тіркелген. Көлік қызметі 8%-ке, байланыс 6,4%-ке, сауда 6,3%-ке, өңдеу өнеркәсібі 4,8%-ке өскен.

«Жалпы ішкі өнімнің өсуінің 65%-і сауда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы есебінен қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,6%-ке өсті. Инвестицияның ең жоғары өсуі шикізаттық емес салаларда байқалады», - деді Нұрлан Байбазаров.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу