KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Жарты жылда ел экономикасы 5% өсті

Фото: www.gov.kz

12.07.2023, 10:57 163 Ләззат Қанатқызы

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% құрады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5% құрады. Оның ішінде нақты сектор 4,8%, қызмет көрсету саласы 4,9% өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалды. Әсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті, - деді миинстр.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 13%, инвестициялар ағыны көлік және қоймаларда – 57%, саудада – 32%, ауыл шаруашылығында – 22%, білім беруде – 21,5% сондай-ақ өнеркәсіпте – 10,9%, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде 11,4% өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында байқалды.

- Алдын ала қорытынды бойынша, 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы сауда тауар айналымы 8%-ке өсіп, 55,8 млрд долларды құрады. Экспорт 31,6 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 3,8%-ке ұлғайып, 10,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 24,2 млрд долларға жетті. Жалпы, оң сауда балансы 7,4 млрд долларға тең, - деді Әлібек Қуантыров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу