KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

11 айда экономикалық өсімі 4,9%-ке жетті

turantimes.kz

18.12.2023, 11:15 6 030 Назерке Каримова

Ел экономикасы сыртқы жағдайларға сәтті бейімделіп, биыл орнықты өсіп келеді.

Бұл туралы Altaynews тілшісі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Ресми деректерге сүйенсек, 11 айда экономиканың өсуі 4,9%-ке жетті. Былтыр бұл көрсеткіш 2,7% болған. Салалар арасында сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік және қоймалау ең үлкен нәтиже көрсеткен. Жалпы республика бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ 11,5 мың доллардан 13,3 мың долларға дейін өсті. Сонымен қатар қарашада инфляция 10%-ға дейін баяулады. Жарты жылда 13 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Үкімет жыл қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестиция көлемін екі есе ұлғайтуды жоспарлаған. 2023 жылы экономикалық өсім 4,9% болды

- Ағымдағы жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша тауарлар экспорты 65 миллиард долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 21 миллиард долларға дейін жетті. Тауарлар импорты 49 миллиард теңгені құрады. Оң сауда байланысы 15 миллиард доллардан асты. Жалпы жыл қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5% құрайды деп болжанып отыр. Үкімет инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін белсенді іске асырып жатыр, - дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, 



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив