KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Алаяқтар «Халық заңгері» акциясының атауын пайдалануда - Антикор

depositphotos.com

15.10.2024, 18:00 81 Ержан Әбіш
Алаяқтар интернетте жалған бейнероликтер таратып, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігін адастыруға ұмтылуда. Жасанды интеллект технологиясымен жасалған бұл материалдар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылып жатыр.

Алаяқтар адамдарды ақылы негізде адвокатпен байланысу үшін сілтемелерді басуға және жеке мәліметтерін беруге үгіттеуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі KAZINFORM агенттігінесілтеме жасап.

Бейнежазбалар монтаждық кадрлардан құралып, жалған дыбыспен сүйемелденген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Халық заңгері» акциясы аясындағы барлық заң консультациялары тегін негізде берілетінін еске салады. Бұл азаматтық қоғамды дамытуда, құқықтық сауаттылықты арттыруда және халыққа заңгерлік көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады.

Айта кету керек, «Халық заңгері» республикалық акциясы тек офлайн форматта өткізіледі.

Халықты жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз.

«Осындай қоңыраулар мен таратылымдарды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив