KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 84%-ы арнайы қолдаумен қамтылған

6.11.2024, 19:00 104 Гульжан Мусина

Психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтуды ұлғайту үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмі енгізілді. Нәтижесінде балаларды арнайы біліммен қамту 84%-ға жетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚР Үкіметінің отырысында айтты,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмі бес өңірде: Алматы, Шымкент, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Қарағанды облыстарында іске асырылуда. Бұл өңірлерде 2 мың бала қамтылды. 

Арнайы ұйымдар желісі ұлғайып келеді. Олардың саны 496-ға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 бірлікке көп. Алайда, ПМПК және түзету кабинеттерінің желісі еліміздің бірқатар өңірлерінде қосымша ұлғайтуды талап етеді. Бұл Алматы, Шымкент, Абай, Түркістан, Қарағанды және Қостанай облыстары. 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады, осыған байланысты білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, оңалту және арнайы қолдау қызметтерін көрсету сапасын арттыру үшін заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, - деді Ғани Бейсембаев. 

Скрининг нәтижелерімен алмасу үшін министрлік Денсаулық сақтау министрлігінің дерекқорымен интеграция жүргізеді, сондай-ақ ПМПК-ға жазылу автоматтандырады. Оқу-әдістемелік кешендер әзірленуде, оқулықтар кезең-кезеңімен әзірленуде, педагогтер әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу