KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Қазақстанда су тасқынына дайындық аясында 1500-ден астам гидротехникалық құрылыс тексерілді

pexels.com

22.11.2024, 10:00 54 Гульжан Мусина

Қазақстанның Су және ирригация министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ел аумағындағы 1502 гидротехникалық құрылысқа тексеру жүргізді,- деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі.

 

Бұл жұмыстар көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде ұйымдастырылды. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктер бойынша гидротехникалық құрылыстардың иелеріне қажетті ұсыныстар берілді.

Қазақстанда 8 бассейндік инспекция жұмыс істейді:

  • Арал-Сырдария;
  • Балқаш-Алакөл;
  • Ертіс;
  • Есіл;
  • Жайық-Каспий;
  • Нұра-Сарысу;
  • Тобыл-Торғай;
  • Шу-Талас.

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының м.а. Гүлмира Имашеваның мәлімдеуінше, барлық су қоймалары бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты жоспарлар түзетілуде.

- Көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдауға орын босату мақсатында елдің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберілді. Оңтүстік Қазақстандағы су қоймалары, керісінше, су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр, – деді Гүлмира Имашева.

Бұл шаралар елді мекендердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, су тасқынының алдын алуға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу