Елімізде жол жабынының ақауларын автоматты түрде тану жүйесі қолданылады
Фото: Ukimet
Үкімет отырысында "Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы" РМК бас директоры Болатбек Айтбаев автомобиль жолдарының сапасын сараптау саласында цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, адами фактордың әсерін азайту мақсатында кәсіпорын сапаны бақылау жұмыстарына цифрлық технологияларды белсенді енгізуде. Сол шешімдердің бірі жол жабынындағы ақауларды автоматты түрде анықтау жүйесі болып табылады. Бұл жүйе жасанды интеллект қағидаттарына негізделген және әр 100 шақырым жол үшін диагностикалық деректерді өңдеу уақытын 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Бұл цифрлық жаңашылдықтар жол сапасын бақылау тиімділігін арттырып, инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асуына ықпал етеді.