KZ
Өскемен
пасмурно жел 3 м/с, З
487.42 531.39 5.04

Қазақстанда тұратын жері бойынша тіркеу

24.09.2024, 15:15 457 Айжанат Бақытқызы

Тұратын жері бойынша тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының азаматтарына аумақтық полиция органдары көрсетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бұл қызметті азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО), egov.kz порталында немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ала алады. 

Қызмет көрсету мерзімдері:

  • ХҚО арқылы - 30 минут ішінде.
  • Портал мен ақпараттандыру объектілері арқылы - 15 минут ішінде.

Қызметті қағаз түрінде алу үшін келесі құжаттар пакеті қажет:

      1. Жеке жүгінген кезде:

  • Тұрғын үй иесінің жеке басын растайтын құжат (немесе оның цифрлық нұсқасы).
  • Тұрғын үй иесінің жеке қатысуы және тұрақты тіркелуге келісімі.
  • Тұрғын үйлерде тіркелу үшін ұйым әкімшілігінің өтініші.
  • 14 жастан асқан балалар үшін: туу туралы куәлік және, егер бар болса, Қазақстан Республикасының паспорты.

     2. Шетелден келген азаматтар үшін:

  • Паспорттың түпнұсқасы (жоғалған жағдайда - қайтып келу куәлігі).
  • Бұрынғы елде тіркеуден алынғанын растайтын құжат немесе азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін, ХҚО қызметкері оларды мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы тексереді. Егер құжаттар талаптарға сай болса, тұрақты тұратын жері бойынша тіркеу жүзеге асырылады, ал ақпарат «Тұрғындарды тіркеу және құжаттандыру» жүйесіне енгізіледі.

Портал арқылы тіркелу үшін электрондық сұрау жіберу қажет, ол қызмет алушы мен тұрғын үй иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) расталуы тиіс. Сұрау тұрғын үй иесінің «жеке кабинетіне» түседі, ол тіркеуді қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Процесс аяқталғаннан кейін, қызмет алушының «жеке кабинетіне» тіркеу туралы хабарлама келеді. Сонымен қатар, бұрынғы тіркеуден автоматты түрде шығу жүзеге асырылады.

Тұратын жері бойынша тіркеу — азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік қызметтер алу үшін маңызды қадам. 

                                                                                                                                                            Е.Айқымбеков 

                                                      ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив