Ұлттық бағалау жүйесі халықаралық сапа белгісін алды

pixabay.com
Қазақстанның білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтік бағалау (ББЖМ) ұлттық құралы халықаралық RCEC сапа белгісін алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл аккредитация ББЖМ жүйесінің сенімділігі мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін дәлелдейді. Бағалау жүйесі PISA, TIMSS, PIRLS секілді халықаралық зерттеулердің ғылыми тәсілдеріне негізделген. Қазақстан – Орта Азиядағы білім сапасын бағалау бойынша аккредиттациядан өткен жалғыз мемлекет.
Сонымен қатар, бұл жетістік Қазақстанға Орталық Азиядағы білім сапасын бағалау бастамаларына көшбасшылық етуге мүмкіндік береді.
Еске салайық, ББЖМ – оқушылардың білім сапасын талдауға арналған ұлттық зерттеу. Оның нәтижелері білім берудегі күшті және әлсіз тұстарды анықтауға, әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.