KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 4 м/с, З
512.32 582.92 6.29

Оңтүстік Кореяда кезектен тыс президенттік сайлау 3 маусымға белгіленуі мүмкін

istockphoto.com

8.04.2025, 15:00 177 Төлеуғазы Жансая

Корея Республикасы билігі кезектен тыс президенттік сайлауды 2025 жылғы 3 маусымда өткізу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Бұл жөнінде үкіметтегі дереккөз Yonhap агенттігіне мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған мәселе алдағы сейсенбі күні өтетін үкімет отырысында қаралатын болады. Дереккөздің айтуынша, заңнамада сайлау күнін белгілеу үшін министрлер кабинетінің отырысын өткізу міндетті деп нақты көрсетілмеген. Алайда дауыс беру күні уақытша демалыс ретінде жариялануы ықтимал болғандықтан, бұл мәселені үкімет деңгейінде талқылау қажет деп танылып отыр.

Бұған дейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары сайлаудың нақты күні министрлер кабинетінің отырысынан кейін белгілі болатынын хабарлаған еді. Конституция талаптарына сәйкес, президент міндетін уақытша атқарушы премьер-министр Хан Док Су сайлау күнін мемлекет басшысы отставкаға кеткеннен кейінгі он күн ішінде, яғни 14 сәуірге дейін белгілеуге тиіс.

Еске сала кетейік, 4 сәуірде Конституциялық сот бұрынғы президент Юн Сок Ёльді биліктен шеттету туралы шешім қабылдады. Бұл шешім әскери төтенше жағдайға қатысты оқиғалар мен парламент қойған бес айыптың негізінде шығарылды. Қолданыстағы заңға сәйкес, президент қызметінен шеттетілген күннен бастап 60 күн ішінде кезектен тыс сайлау өтуге тиіс.

Кезектен тыс президенттік сайлауда басты үміткер ретінде оппозиция жетекшісі Ли Чжэ Мён қарастырылып отыр. Ол 2022 жылғы сайлауда Юн Сок Ёльден аз ғана дауыс айырмасымен жеңілген болатын. Сарапшылардың пікірінше, дауыс беру күні барынша ерте жарияланса, саяси күштерге дайындыққа уақыт берілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу