KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
515.03 584.82 6.24

14-20 сәуір күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

istockphoto.com

14.04.2025, 17:00 187 Төлеуғазы Жансая

ҚР Туризм және спорт министрлігі 14–20 сәуір аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін ұсынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

14–16 сәуір: Қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты
Біріншілікке Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және барлық облыстан 550 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Орал қаласы.

16–20 сәуір: Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан кубогінің І кезеңі
Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 95 параспортшы қатысады.
Өтетін орны: Атырау қаласы.

17–21 сәуір: Комбат джиу-джитсудан жасөспірімдер мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты
Ел чемпионатында 18 өңірдің 200 спортшысы бақ сынайды.
Өтетін орны: Астана қаласы.

17–21 сәуір: Пенчак-силаттан барлық жас санатындағы Қазақстан чемпионаты
Турнирде 18 өңірден келген 200 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Алматы қаласы.

17–24 сәуір: 2009-2010 жылы туған жастар арасында ҚР Туризм және спорт министрлігі кубогі
Жарысқа 450-ден астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы.

17 сәуір – 1 мамыр: Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты
Қазақстан құрамасынан 20 спортшы жұдырықтасады.
Өтетін орны: Амман қаласы, Иордания.

18–20 сәуір: Көркем гимнастикадан Әлем кубогі
Отандық 8 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Баку қаласы, Әзербайжан.

18–20 сәуір: Karate1 Premier League халықаралық турнирі
Ел намысын 13 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Каир қаласы, Мысыр.

19–20 сәуір: Би спортынан Kazakhstan Open 2025 республикалық турнирі
Жарысқа еліміздің 8 өңірінен келген 1 мың спортшы қатысады.
Өтетін орны: Алматы қаласы.

20–27 сәуір: Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при кезеңі
Қазақстан құрамасынан 5 параспортшы қатысады.
Өтетін орны: Марракеш қаласы, Марокко.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу