KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
499.11 521.12 5.58

3-9 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

Фото: pexels.com

Кеше, 18:00 72 Гульжан Мусина

ҚР Туризм және спорт министрлігі 3-9 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін ұсынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

3-6 наурыз: Пара садақ атудан жабық кешендегі ел чемпионаты 
Сайысқа еліміздің 8 өңірінен 60 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шымкент қ.

3-7 наурыз: Фристайл-могулдан Еуропа кубогі кезеңі
Жарысқа ел құрамасынан 2 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Била тау-шаңғы курорты, Чехия.

3-9 наурыз: Биатлоннан Әлем кубогінің 7-кезеңі
Бұл сында ел намысын 8 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Нове-Место-на-Мораве қ., Чехия.

4-10 наурыз: Спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі 
Ұлттық құраманың 4 спортшысы бақ сынайды.
Өтетін орны: Баку қ., Әзербайжан.

5-10 наурыз: Кикбоксингтен ересектер арасындағы Әлем кубогі
Сайысқа 40 елден 800 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 37 спортшы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Езоло қ., Италия.

6-8 наурыз: Семсерлесуден Әлем кубогі 
Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Падуя қ., Италия.

6-12 наурыз: Пара биатлоннан Әлем кубогі
Жарыста 3 жерлесіміз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Торсби қ., Швеция.

6-17 наурыз: Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты
Әлем біріншілігінде 10 боксшымыз жұдырықтасады.
Өтетін орны: Ниш қ., Сербия.

7-11 наурыз: Допты хоккейден Қазақстан чемпионаты
Ішкі біріншілікке 13 өңірден 100 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Алматы қ.

8-9 наурыз: Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогі
Жарыста отандық 8 спортшы белдеседі. 
Өтетін орны: Портимао қ., Португалия.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу