KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
511.26 597.61 6.32

1 мамырдан бастап «Халықтық бақылау» жобасы іске қосылады

pixabay.com

30.04.2025, 16:00 373 Төлеуғазы Жансая

1 мамырдан бастап елімізде «Халықтық бақылау» жобасы басталады. Бұл бастама еліміздегі маңызды автожолдардың сапасын бақылауға бағытталған. Енді кез келген азамат салынып жатқан республикалық жолдардың жағдайын тексеруге қатыса алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басшысы Дархан Иманашевтың айтуынша, тұрғындардан келген шағымдар мен ұсыныстар ескеріліп, анықталған мәселелер тез арада шешілетін болады.

Жобаға қатысқыңыз келсе, 1403 нөміріне қоңырау шалып, өтінім қалдыра аласыз. Ал қай жол қашан тексерілетінін «ҚазАвтоЖолдың» ресми сайтынан білуге болады,- делінген ресми хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу