KZ
Өскемен
-27°
туман жел 1 м/с, СБ
510.43 594.86 6.49

Өскемендегі субұрқақтар 1 мамырдан бастап іске қосылады

28.04.2025, 15:30 349 Ержан Әбіш

Облыс орталығында барлығы 16 фонтан жұмыс істейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласының әкімдігі хабарланғандай, 1 мамырдан бастап қалалық фонтандардың маусымы басталады. Олар 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Республика алаңындағы музыкалық фонтан қала тұрғындары мен қонақтарын ұзақ уақыт қуантады – сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

– Фонтандар 15 қазанға дейін жұмыс істейді, – деп хабарлады әкімдік.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу