KZ
Өскемен
-14°
небольшая облачность Штиль
504.6 594.27 6.48

Ұлы Жеңіске құрмет – мерейтойлық 1 000 теңгелік банкнота айналымға шығады

8.05.2025, 12:35 308 Төлеуғазы Жансая

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Ұлттық банкі номиналы 1 000 теңгелік мерейтойлық банкнотаны айналымға енгізеді. Ерекше үлгідегі ақша 9 мамырдан бастап қолданыста болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Банкнотаның жалпы таралымы – 5 миллион дана. Бұл бастама – қаһарман отандастарымыздың ерлігі мен тылдағы ерен еңбегіне деген тағзым, тарихи жадты жаңғыртуға бағытталған.

Мерейтойлық банкнотаның алдыңғы бетінде Алматы қаласындағы 28 панфиловшы саябағында орналасқан Даңқ мемориалы бейнеленген. Бұл – еліміздің азаттығы мен тыныштығы үшін жан аямай күрескен жандарға арналған ерекше белгі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу