Биыл жаңа 1 000 теңгелік банкнота мен коллекциялық монеталар айналымға шығады

Фото: pexels.com
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 28 наурыздан бастап 2024 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайны бар 1 000 теңгелік банкнотаны айналымға шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа банкнота заманауи қорғаныс элементтерімен жабдықталып, ұлттық нақыштағы ерекше дизайнмен ұсынылады.
Сонымен қатар, 2025 жылы екі жаңа коллекциялық монета айналымға енгізілмек. Олар:
«GRIFFIN» – «Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан;
«OTYRAR» – «Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан.
- Жиында төлем жүйелері мен Ұлттық Банктің өзге де қызметіне қатысты мәселелер қаралып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды, - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз