KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Алматыда жер сілкінісі болды

10.05.2025, 21:00 543 Төлеуғазы Жансая

Бүгін Астана уақытымен 20:35-те жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы» ЖШС сілтеме жасап.

Сейсмикалық оқиғаның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасы аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 2 балл шамасында сезілген:

    •    Алматы қаласында – 2 балл
    •    Қаскелең қаласында – 2 балл
    •    Қарғалы ауылында – 2 балл

Қазіргі уақытта жапа шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет тіркелген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу