KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 3 м/с, С
512.44 593.15 6.52

Елімізде 3,9 миллион білім алушы оқу жылын аяқтап жатыр

gov.kz

20.05.2025, 10:19 124 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан мектептерінде 2024–2025 оқу жылы өз мәресіне жетіп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, биыл оқу жылын еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Олардың ішінде:

  • 391 мың бала бастауыш сыныпты (1–4 сыныптар),
  • 364 мың оқушы негізгі мектепті (5–9 сыныптар),
  • 217 мың түлек орта мектепті (11 сынып) бітіреді.
  • «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің үлесі бұрынғыдай 5%-дан аспайды.

Министрліктің мәліметінше, оқу жылы «Білім – Отаным» атты бірыңғай сынып сағатымен қорытындыланады. Ал мектеп бітірушілерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты қоштасу шарасы 23 немесе 24 мамырда өтеді.

Оқушылар үшін ең маңызды күндердің бірі — аттестат тапсыру салтанаты — 18–20 маусым аралығында ұйымдастырылады.

9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды мемлекеттік емтихандар 29 мамырдан 16 маусымға дейін өтеді. Бұл кезеңде білім сапасы мен оқу нәтижелері бағаланып, оқушылар келесі білім сатысына қадам баспақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу