KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Биыл 3,8 млн шәкірт оқу жылын аяқтайды

сурет редакция архивінен

21.05.2024, 12:03 94 ALTAINEWS

Биыл республика бойынша 3,8 миллион шәкірт оқу жылын аяқтайды. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Министрдің айтуынша, бастауыш сыныпты 374 мың, негізгі мектепті 341 мың бала тәмамдайды. Биыл 186 мың түлек алтын ұядан қанат қағады.  7704 жас түлек – «Алтын белгіге» үміткер.

«Мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара 25 мамырда өтеді. Аттестаттарды табыстау рәсімі 12-15 маусым аралығына белгіленді. 9 және 11-сынып бітірушілерінің қорытынды емтихандары 29 мамыр-11 маусым күндері өтеді», - деді Ғ.Бейсембаев.

Сондай-ақ биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілін меңгеруді бағалау мақсатында қазақ тілінде және басқа тілде оқытатын мектептердің білім алушылары үшін аралық емтихандар өткізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив