KZ
Өскемен
-34°
плотный туман Штиль
510.43 594.86 6.49

217 мыңнан астам 11-сынып түлегі мектеппен қоштасады

Фото: vesti.ru

2.05.2025, 14:00 424 Төлеуғазы Жансая

Еліміздегі мектеп оқушылары үшін оқу жылы өз мәресіне жетіп қалды. Биыл Қазақстан бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы 34 аптаға созылған білім беру кезеңін аяқтайды. Олардың қатарында 217 мыңнан астам 11-сынып түлегі мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр.

Дәстүрлі түрде соңғы оқу күні – 23 мамырда барлық білім беру ұйымдарында «Білімім — Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл шарада оқушылар мен мұғалімдер жыл бойғы жетістіктерді қорытындылап, маңызды сәттерді бірге еске алады.

«Бірыңғай сынып сағаты балаларға білімге ұмтылу, Отанға деген сүйіспеншілік пен еңбексүйгіштік сияқты құндылықтарды дарытуға бағытталған», – деп  мәлімдеді білім беру саласының өкілдері.

Айта кетейік, биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі — 26 мамырға сәйкес келіп отыр. Осыған байланысты 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімі 23 немесе 24 мамырда өтеді. Бұл күнді нақты белгілеу – мектеп әкімшілігінің құзырында.

Білім басқармалары ата-аналар мен мектеп ұжымдарын ескертеді: барлық оқушыларға бірдей мүмкіндік пен қауіпсіз жағдай жасау мақсатында мектептен тыс, сән-салтанатпен өтетін шаралар, автокөлікпен шерулер және ақша жинау сынды әрекеттерге жол берілмейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу