KZ
Өскемен
-21°
плотный туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Дәрігерлердің қауіпсіздігі күшейтіледі: заң бәріне ортақ

Фото: stock.adobe.com

17.06.2025, 15:30 255 Гульжан Мусина

Соңғы жылдары елімізде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау, күш қолдану оқиғалары көбейіп кетті. Тіпті кейбір дәрігерлер ауыр жарақат алып, жұмыс істеуге қабілетсіз болып қалған жағдайлар да бар. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, медициналық мекемелерде тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтуді қолға алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Енді аурухана мен емханада қоғамдық тәртіп пен қызметкердің қауіпсіздігі жаңа талаптармен реттеледі. Қандай медициналық көмек көрсетілетініне, науқастар санына байланысты қауіпсіздік шаралары нақты белгіленеді.

- Дәрігердің өміріне, денсаулығына қауіп төндірген адам заң алдында жауап береді. Ешкімнің ашуы мен наразылығы дәрігерге қол көтеруге себеп болмауы тиіс. Әр маман өзін қауіпсіз сезінуі керек. Біз — бір командамыз, — деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова. Бұл мәлімдемені министр Қарағандыда балалар дәрігерлеріне шабуыл жасалған оқиғадан кейін айтты.

Соңғы 5 жыл ішінде елімізде медицина қызметкерлеріне қарсы 160-қа жуық шабуыл тіркелген. Бұл – өте алаңдатарлық жағдай. Мемлекет енді дәрігерлердің қауіпсіздігіне басымдық беріп отыр. Себебі олар – адам өмірі мен денсаулығы үшін күн-түн демей еңбек етіп жүрген жандар. Сондықтан енді әрбір дәрігер, мейіргер, фельдшер өз жұмыс орнында өзін қауіпсіз сезінетін болады.

Дереккөз: Денсаулық сақтау министрлігі


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу