KZ
Өскемен
-24°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
504.6 594.27 6.48

Бүгін Алматы мен Атырауда ауа сапасы төмендеуі мүмкін

Фото: pexels.com

28.07.2025, 12:00 155 Гульжан Мусина

Бүгін, 28 шілде күні, еліміздің екі ірі қаласында – Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, Алматы қаласында күндіз, ал Атырауда түнгі уақытта атмосфералық ауаның ластануына әкелетін қолайсыз метеожағдайлар күтіледі.

— Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман немесе инверсия сияқты табиғи құбылыстардың әсерінен зиянды заттардың ауада жиналуына себеп болатын қысқа мерзімді факторлар, — деп түсіндірді синоптиктер.

Осындай жағдайда елді мекендердегі атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар шоғырланып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе балаларға, қарттарға және тыныс алу жолдары сырқаттарымен ауыратын азаматтарға сыртқа жиі шықпау ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу