Астанада қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды
Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында болған өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өрт Байқоңыр ауданындағы Алаш тас жолының маңында орналасқан полигонда шыққан, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда оқиға орнында өртті оқшаулау және сөндіру, сондай-ақ жерді қалпына келтіру және топырақпен жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Өртті сөндіруге ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың техникасы мен мамандары жұмылдырылды. Алынған жедел шаралар нәтижесінде от 1200 шаршы метр аумақта оқшауланды, — делінген хабарламада.
Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің нақты себебі анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз