KZ
Өскемен
-30°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
518.39 603.09 6.68

Өскеменде көпқабатты үйдің шатырынан шыққан өрт оқшауланды

23.07.2025, 14:30 202 Төлеуғазы Жансая

 

Өскемен қаласындағы Назарбаев даңғылында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан шыққан өрт оқшауланды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетіп, жоғары деңгейлі шақырту бойынша жұмыс жүргізді. Жалынды ауыздықтауға 40 құтқарушы мен 14 арнайы техника тартылды. ТЖМ қызметкерлері 45 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 7 бала бар. Қазіргі уақытта жалынды сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрттің нақты шығу себебі мамандар тарапынан кейін анықталатын болады,- дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіру кезінде АИК көтергіші қолданылып, су үздіксіз берілген. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу