Өскеменнің қоқыс полигонындағы өртті әлі өшіре алмай жатыр
Өскемен қалалық қоқыс полигонындағы өрт ауыздықталғанымен, әлі де түтіндеп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, Өскеменнің Шмелев Лог кенті ауданындағы қоқыс төгетін орында басталған аса ірі өрт 11 тамыз кешкілік уақытта басталған болатын. Араға бес күн салып Төтенше жағдайлар басқармасы қалалық қоқыс полигонындағы өрт толығымен сөндірілді деп мәлімдеме жасаған еді. Алайда қала ішінде түтін мен жағымсыз иіс әлі де сақталып тұр.
1 гектар жерді шарпып өткен жалынды сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өскемен Төтенше жағдайлар қызметіндегілердің айтуынша, ЖШС «Өскеменспецкоммунтранс» өрт болған ауданда әлі де жұмыс істеп жатыр. Өрт қалдықтарын толықтай ауыздықтау үшін 2 өрт сөндіру техникасы 1 жүк көлігі және бульдозер жұмылдырылыпты.