Зайсандағы дала өрті оқшауланды

Зайсан ауданындағы қамыс пен құрғақ шөптің жануымен байланысты дала өрті оқшауланды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Altaіnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрттің алдын ала аумағы шамамен 2000 гектарды құрады. Тілсіз жаумен күреске 200-ден астам адам жұмылдырылды.
Өрт батпақты әрі жетуі қиын жерде басталған. Қатты жел өрттің одан әрі таралу қаупін тудырған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар және орман шаруашылығы қызметкерлері атсалысты.
Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды, жағдай толық бақылауға алынды. Зардап шеккендер жоқ.