Президент Түрікменстанға ресми сапармен барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға барды. Мемлекет басшысын Түрікменбашы әуежайынан Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов аз-кем әңгімелесіп, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы пікір алмасты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестік жылдан-жылға нығайып келе жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде, Гурбангулы Бердімұхамедов қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейін атап өтіп, екі ел арасындағы достық, өзара құрмет пен тату көршілік байланыстардың терең тамыры бар екенін айтты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан халықтарының арасындағы дәстүрлі достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше мән берілетінін жеткізді.



