KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
508.3 592.17 6.63

Жаздың соңғы айы: найзағай, бұршақ, аптап пен шаңды дауыл күтіледі

pixabay.com

6.08.2025, 08:00 505 Жанаргүл Көкенайқызы

Жаздың соңғы айы – тамызда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы атмосфералық фронттар өтетіндіктен, барлық өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда кей күндері қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл, екпінді жел байқалуы мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар да болуы ықтимал.

Айдың бірінші онкүндігі:

Батыс пен оңтүстік-батыс: күндіз аптап ыстық (+33+41°C) біртіндеп +25+33°C дейін түседі.

Солтүстік-батыс: ауа температурасы +21+35°C аралығында құбылады.

Солтүстік, шығыс, орталық: күндіз +15+22°C-тан +25+35°C дейін көтеріледі.

Оңтүстік: түнде +10+25°C, күндіз +28+40°C дейін ысиды.

Тамыздың екінші және үшінші онкүндігінде аптап ыстық пен салқын жаңбырлы күндер алмасып отырады.

Батыс: күндіз +21+27°C, кей күндері +35+40°C дейін көтерілуі мүмкін.

Солтүстік және шығыс: күндіз +16+32°C аралығында.

Орталық пен оңтүстік-шығыс: күндіз +28+36°C, оңтүстікте +42°C дейін жетуі мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу