Қазақстанда 5 жаңа кәсіби мереке бекітілді
Жасанды интеллект
Қазақстанда кәсіби мерекелер қатары тағы бес күнмен толықты. Бұл туралы 30 шілдеде шыққан бұйрық негізінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы жаңа тізімді бекітті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жаңартылған тізімге келесі кәсіби мерекелер қосылды:
- Қазақстан қолөнершілер күні – 7 шілде
- Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні – 9 шілде
- Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкері күні – 15 қыркүйек
- Қоғамдық тамақтану саласы қызметкері күні – 20 қазан
- Қазақстан кәсіпкерлері күні – 29 қазан
Бұл күндер аталған салаларда еңбек етіп жүрген мамандардың қоғамдағы рөлін айшықтап, еңбегін елеп-ескеруге бағытталған.
Оқи отырыңыз