KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Бүгін – Дипломатиялық қызмет күні

2.07.2025, 08:35 237 Төлеуғазы Жансая

Бүгін, 2 шілде – елімізде дипломатиялық сала мамандарының кәсіби мерекесі – Дипломатиялық қызмет күні аталып өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл күн 1992 жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құрылған тарихи сәтпен байланысты. Сол күні еліміздің Президенті «Сыртқы істер министрлігі туралы», «Қазақстан Республикасының елшілігі туралы» және «Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісінің міндеттері мен құқықтары туралы» ережелерді бекіткен болатын.

Кейін 2009 жылы 1 шілдеде жарияланған Жарлыққа сәйкес 2 шілде ресми түрде кәсіби мерекелер тізіміне енгізілді.

Бүгінде Қазақстанның сыртқы саясатындағы беделін арттыру, халықаралық байланыстарды нығайту және шетелдегі азаматтарымыздың құқықтарын қорғау – дипломаттар атқаратын басты міндеттердің бірі. Олар түрлі мемлекеттермен ынтымақтастық орнатып, еліміздің мүддесін әлемдік деңгейде қорғайды.

Бұл мереке – Қазақстан атынан халықаралық аренада қызмет етіп жүрген дипломаттар мен сыртқы саясат саласының барлық мамандары үшін ерекше күн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу