Балалар қауіпсіздігі – басты назарда: Білім беру нысандарында тексеру жүргізіледі
Үкімет
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінде қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.
– Мемлекет басшысының бірыңғай қауіпсіздік жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасы сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуға тиіс. Әр білім ордасында лицензиясы бар күзет, турникеттер және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камералары болуы міндетті. Бұл шаралар оқу орындарында балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне кепілдік береді. Ішкі істер министрлігі білім беру нысандарының терроризмге қарсы қорғау талаптарына сәйкестігін тексеруді жалғастыруы қажет. Қазір өңірлердегі жекеменшік білім беру ұйымдарының шамамен 30%-ы қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылмаған. Бұған ерекше назар аудару керек, – деді Олжас Бектенов.
Оқи отырыңыз
Жайлы мектептер білім ошағына аса мұқтаж өңірлерде салынуға тиіс – Олжас БектеновАта-ана мектептегі баласының қауіпсіздігі үшін алаңдамауы қажет - СмайыловҚазақстандағы барлық мектептерге бейнебақылау жүйесін орнатыладыЖекеменшік мектептерде оқитын балалар да ыстық тамақпен қамтыладыШҚО-да білім беру мекемелері толықтай бейнебақылау жүйесімен жабдықталған