ШҚО-да білім беру мекемелері толықтай бейнебақылау жүйесімен жабдықталған
Фото: turkistanzaman.kz
ШҚО-да білім беру ұйымдарының 100%-ы бейнебақылау жүйелерімен қамтылған.
2025 жылға дейін мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің ішкі және сыртқы камералары кезең-кезеңімен стандарттарға келтірілмек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- ШҚО полиция департаментінің ведомствоаралық ахуалдық орталығына және жедел басқару орталықтарына (ЖБО) қосылу бойынша шаралар қабылдануда. Облыс бойынша барлығы 204 мектеп, 46 балабақша, 16 колледж қосылған. Жалпы ЖБО-ға 138 мектеп, 62 балабақша және 15 колледж қосылуға жатады, - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбек.
Сондай-ақ дабыл түймелерімен 335 мектеп, 89 балабақша, 21колледж қамтамасыз етілсе, 147 мектеп, 2 балабақша, 13 колледж турникеттермен жабдықталған
Естеріңізге сала кетейік, жақында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бейнебақылау камералары арқылы ата-ана бақылауы жүйесін енгізуді ұсынды.
Оқи отырыңыз