Өскемендік жас футболшылар Болгариядағы халықаралық турнирге аттанды
Бүгін «Алтай Өскемен» футбол орталығының жасөспірімдер командасы Болгарияда өтетін халықаралық турнирге жолға шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл сапарға 2015 жылы туған жасөспірімдер тобы аттануда. Айта кетейік, олар Қонаев қаласында өткен республикалық турнирде жеңімпаз атанып, Болгарияға жолдаманы жеңіп алған болатын.
Жаттықтырушылардың айтуынша, халықаралық турнир – балалар үшін тек жарыс қана емес, шетелдік қарсыластарымен кездесіп, тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ бұл дода олардың ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық деңгейде өздерін көрсетуіне жол ашады.
Оқи отырыңыз

