Мемлекет басшысы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды
Фото: Ақорда
8 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, саяси жаңғыруы және азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған негізгі міндеттер мен жаңа бастамалар айқындалады деп күтілуде.
Бұл құжат алдағы жылға мемлекеттік саясаттың басты бағдарын белгілейтін маңызды оқиға болып табылады. Президенттің Жолдауын Үкімет мүшелері, депутаттар, аймақ басшылары және қоғам өкілдері тыңдайды.
Оқи отырыңыз
