KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
517.66 606.49 6.44

Мүгедектігі бар азаматтарға заңсыз салынған салықтар қайтарылды

stock.adobe.com

5.09.2025, 17:00 187 Төлеуғазы Жансая

Жетісу облысы Талдықорған қаласында прокуратура тексерісі нәтижесінде заң бұзушылық анықталды. Мемлекеттік кірістер басқармасы 48 мүгедектігі бар азаматқа көлік салығын төлеу туралы хабарлама жіберген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Алайда Салық кодексіне сәйкес, мүгедектігі бар тұлғалар көлік салығынан босатылады. Яғни, оларға мұндай салық салынбауға тиіс.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде заңсыз есептелген барлық қарыздар жойылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 1,3 млн теңгеден астам салық азаматтарға кері қайтарылды. Осылайша, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары толық қалпына келтірілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу