KZ
Өскемен
плотный туман жел 2 м/с, СШ
503.05 542.99 5.98

ШҚО прокуратурасы облыстағы бір колонияда дәрігерлерге негізсіз төлемдер жасалғанын анықтады

Фото: pexels.com

29.03.2025, 10:00 205 Гульжан Мусина

Шемонаиха ауданы прокуратурасының тексерісі барысында ШҚО ҚАЖД №18 мекемесіндегі сотталғандарға медициналық қызмет көрсетудің негізсіз көбейтілгені анықталды.

2023 жылғы желтоқсан айында хирург мекемеге жоспарлы сапары кезінде 15 сотталғанды тексерген. Алайда есептік құжаттарда қабылдауда 160 адамның болғаны көрсетілген. Осы деректер негізінде дәрігерге 214 мың теңге мөлшерінде жалақы есептелген. Алайда бекітілген нормативтерге сәйкес, 15 науқасты қабылдағаны үшін төленетін сома 15 252 теңгені құрауы тиіс еді.

Дәл осындай жағдай дерматовенеролог, нарколог, невропатолог және психиатр дәрігерлерінің қабылдауларында да орын алған.

Нәтижесінде, жалпы артық төленген сома 1,4 млн теңгені құрады.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз төленген қаржы бюджетке қайтарылды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу