KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Ерхат Мұқажанов, ШҚУ проректоры: Жасанды интеллект ел экономикасына тың серпін береді

Фото: Жібек Нұрахмет

8.09.2025, 19:00 281 Әбішев Ержан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауында жасанды интеллектті пайдалану арқылы ел экономикасын дамытуға басымдық берілді. Бұл бағыт халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, экономиканың жаңа белестерге көтерілуіне жол ашпақ. 
Мемлекет басшысының бастамасына қатысты өз пікірін С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың экономикалық мәселелер және цифрландыру жөніндегі проректоры Ерхат Мұқажанов білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Жолдауда айтылған жасанды интеллект арқылы еліміздің экономикасын дамыту, халыққа нақты жағдай жасау, әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктер қалыптастыру өте маңызды шешім болды. Бұл ретте елімізге инвестиция тарту бойынша арнайы комитеттің құрылуы назар аудартты. Инвестицияны тарту өндірістің дамуына, экспорттық әлеуетімізді кеңейтуге ықпал етеді. Осы бағыттағы іс-шаралардың нақтыланып, жоспарланғаны қуантады, – дейді Ерхат Мұқажанов.

Жалпы, бұл дамудың елімізге, халқымызға жаңа мүмкіндіктер берері анық. Экспорттық әлеует арта түскен кезде халықтың әл-ауқаты да жақсарады. Сонымен қатар инвестицияның өнеркәсіп пен өндіріс салаларына келуі еңбек өнімділігін арттырып, қосымша құнның өсуіне жол ашпақ. 

– Нәтижесінде ішкі жалпы өнім мен сыртқы нарыққа шығатын өнімдердің көлемі ұлғайып, ел экономикасының жоғары деңгейде дамуына мүмкіндік береді деп сенемін, – дейді ол.

Жолдауда айтылған бастамалар еліміздің жаңа технологиялар дәуіріне бейімделіп, тұрақты дамуды қамтамасыз етуіне негіз болмақ. Сарапшылардың пікірінше, жасанды интеллект пен инвестициялық саясаттың ұштасуы Қазақстан экономикасына тың серпін береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу