Келер жылы Өзбекстанда халық санағы өтеді
depositphotos.com
2026 жылдың 15 қаңтарынан 28 ақпанына дейін Өзбекстанда халық санағы жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Санақ екі әдіспен өтпек:
- онлайн деректер жинақтау,
- үйлерді аралау.
Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәліметінше, жаңа формат шығындарды 1,3 трлн сумға (шамамен $105,1 млн) азайтады.
Санақ нәтижесінде елдің 38 млн тұрғынына қатысты - отбасы құрамы, қызметі, табыс көздері секілді мәліметтерден бірыңғай деректер базасы жасалады.
Айта кетейік, Өзбекстанда халық санағы соңғы рет 1989 жылы өткен. Пандемияға байланысты жоспарланған санақ бірнеше рет кейінге шегеріліп, енді 2026 жылы жүзеге аспақ.